Бішкекте дауыл

Дауыл кезінде ағаштар құлап, жолдар жабылды.

2121806
Бішкекте дауыл

Қырғызстанда дауылдан 2 адам зардап шекті.

Ел астанасы Бішкекте дауыл салдарынан үйлердің, жұмыс орындарының, сауда орталықтары мен қоғамдық ғимараттардың шатырлары ұшып кетті.

Бір бала ұшқан шатырдан, ал бір  әйел адам көлігінің үстіне құлаған ағаштан зардап шекті.

Дауыл кезінде ағаштар құлап, жолдар жабылды. Көліктердің алға жылжи алмай қалды.  Сондай-ақ бүкіл қалада электр қуаты үзілді.

Бішкекте дауыл артынан жаңбыр ала келді.  Қалада төтенше жағдай жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар