Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті

Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.

2133022
Ильхам Әлиев пен Энтони Блинкен сөйлесті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Әзербайжан мен Армения арасында жасалған келісімді қолдайтындарын білдірді.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен телефон арқылы сөйлесті.

Әзербайжан президенттігінен жасалған мәлімдемеде Блинкеннің Армения мен Әзербайжан арасындағы шекараларды анықтауға байланысты қол жеткізілген келісім үшін президент Әлиевке құттықтауын жеткізгені және оның АҚШ тарапынан қолдау тапқанына тоқталғаны білдірілді.

Әлиев екі елдің делимитация комиссиясының қол жеткізген келісімінің диалог пен өзара түсіністік жағдайында өткен келіссөздердің нәтижесі екенін атап өтті. Шекараны анықтау жұмыстарының басталуының оң қадам екенін айтқан Әлиев Әзербайжанның бейбітшілікті сақтаудағы табандылығына да тоқталды.

Әңгіме барысында екіжақты қарым-қатынастарды нығайту, адам құқықтары, энергетика, климат және COP29 (2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы) салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар