Іздеуде жүрген кәсіпкер ұсталды
Ташов үкіметті төңкеруге дайындалды деген күдікпен іздеуде жүрген еді.
Қырғызстанда көтеріліс арқылы үкіметті төңкеруге дайындалды деген күдікпен іздеуде жүрген кәсіпкер Имамидин Ташов ұсталды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығынан жасалған жазбаша мәлімдемеде операция барысында қырғыз-қазақ шекарасынан елге заңсыз кірген құрылыс компаниясының басшысы Имамидин Ташовтың ұсталғаны айтылды.
Ташовтың билікті басып алу үшін әлеуметтік желілер арқылы халықты арандатуға әрекеттенгені айтылды.
Қаңтар айында қауіпсіздік күштері төңкеріс дайындады деген күдікке ілінген топқа қарсы операция жүргізді. Төңкеріске дайындықтың ұйымдастыру шараларын Ташовтың қаржыландырғаны туралы ақпарат алынғаны жарияланған еді.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ташовты қамауға алу туралы санкция берген болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Қарайым және татар халықтарының көрмесі ашылды
“Литвадағы татарлар мен қарайымдар” атты көрме Түркі Академиясында ашылды.
Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артты
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады.