Қазақстан халқы Ораза айт мерекесін айт намазын оқумен бастады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды Ораза айт мерекелерімен құттықтады.
Қазақстан халқы Ораза айт мерекесін айт намазын оқумен бастады. Жамағат ел орда Астана қаласында орналасқан ең үлкен мешіт Әзірет Сұлтан мешітіне ағылды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-де оқылған намаздан кейін тәкбірлер айтылды және дұға бағышталды. 10 мың адамдық Әзірет Сұлтан мешітін лық толтырған жамағат аулаға тасып кетті. Әзірет Сұлтан мешітінің имамдары елдегі бірлік пен ынтымақтың маңыздылығын түсіндіріп, уағыз айтты. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды Ораза айт мерекелерімен құттықтады. Тоқаев Ислам діні барша адамдарды татулыққа, мейірімділікке, адамгершілікке және нәзіктікке шақыратынын түсіндірді. Қазақстан халқына бейбітшілік пен келісім, әрбір адамға бақыт пен гүлдену тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қарайым және татар халықтарының көрмесі ашылды
“Литвадағы татарлар мен қарайымдар” атты көрме Түркі Академиясында ашылды.
Қазақстанға келген шетелдік туристердің саны артты
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев мәлімдеме жасады.