Әлиев: "Франция, Үндістан және Грекия Арменияны қаруландыруда"
Әзербайжан президенті «COP29 және Әзербайжан үшін жасыл көзқарас» атты халықаралық форумға қатысты,
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Франция, Үндістан және Грекияның Арменияны еліне қарсы қаруландырып жатқанын атап, «Егер өзімізге үлкен қауіп төнгенін көрсек, салмақты шара қолдануымыз керек» деді.
Ильхам Әлиев бас қала Бакудегі «ADA» Университетінде өткен «COP29 және Әзербайжан үшін жасыл көзқарас» атты халықаралық форумға қатысып баяндама жасаған соң журналисттердің сұрақтарына жауап қайтарды.
Армениямен бейбіт келісімге қол қою үшін жүргізілген келіссөздерге тоқталған Әлиев «Біз бейбіт келісімге қол қоюға бұрынғыдан да жақынбыз. Тек егжей-тегжейлерді шешу керек. Бірақ, әрине екі тарапқа да уақыт керек» деді.
Арменияның жаңа қару-жарақ алуына тоқталған Әлиев «Франция, Үндістан және Грекия Арменияны бізге қарсы қаруландыруда. Олар мұны ашық түрде жасайды, тіпті бізге бірдеңе дәлелдеуге тырысады. Біз де отырып, күте алмаймыз. Бұл ұстанымды армян үкіметі мен Арменияға ие шығатын барлық тараптарға ашық түрде жеткіздік. Егер өзімізге үлкен қауіп төніп тұрғанын көрсек, маңызды шаралар қабылдауға тура келетінін ашық түрде жеткіземіз» деді.
Алиев Түркия-Әзербайжан қарым-қатынастарына қатысты «Түркия-Әзербайжан бірлігі аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың маңызды критерийі болып табылады. Түркия мен Армения арасындағы жақындасуы және Әзербайжан мен Армения арасындағы қалыпқа келу процесі қатар жүргізілу керек» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Орталық Азия елдері 3 сала бойынша күш біріктіруге шешім қабылдады
Қазақстан Президенті Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларын Ақордада қабылдады.
Әзербайжан мен Аромения 1976 жылғы шекараларға қол қойды
Әзербайжан мен Армения арасында Шекараларды анықтау комиссиясының 9-шы отырысы өтті.