Джо Байден 95 миллиард доллардан тұратын көмек пакетіне қол қойды
Джо Байден Конгресстің екі палатасынан өтіп, жұмыс үстеліне келген пакетке қол қою арқылы бірден Украинаға көмек жіберуді бастайтындарын айтты.
Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президенті Джо Байден 61 миллиард доллары Украинаға және 26 миллиард доллары Израильге әскери көмекті қамтитын жалпы сомасы 95 миллиард доллар болатын сыртқы көмек пакетіне қол қойды.
Ақ Үйде өткен баспасөз мәслихатында Джо Байден Конгресстің екі палатасынан өтіп, жұмыс үстеліне келген пакетке қол қою арқылы бірден Украинаға көмек жіберуді бастайтындарын айтты.
Байден Американың одақтастары сияқты күшті екенін және Украинаға, Израильге және Үнді-Тынық мұхиты аймағына (Тайвань) сыртқы көмек пакетімен маңызды көмек жіберетінін айтты.
Газада жалғасып жатқан шабуылдарында мыңдаған палестиналық бейбіт тұрғынның қаза болуына жауапты Израильге шартсыз қолдауын жалғастырғаны үшін сынға ұшыраған АҚШ әкімшілігі осы пакетпен Израильге 26 миллиард долларлық жаңа қолдау көрсетеді.
Байден Израильге жаңа көмек пакетін «Тель-Авив өзін Тегераннан қорғайды» деп ақтайды.
Ұқсас жаңалықтар
Путин Қытайға барады
Ресей басшысы қытайлық әріптесі Си Цзиньпиннің шақыруымен 16 және 17 мамырда осы елге барады.
Индонезияда көшкін мен су тасқынынан қаза тапқандар саны артуда
Индонезия Ұлттық Апатпен күрес агенттігі елдегі соңғы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.