Франция мен Бельгияда террор операциясы

Францияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны қаржыландырғаны анықталған 8 адам ұсталды.

2131295
Франция мен Бельгияда террор операциясы

Францияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны қаржыландырғаны анықталған 8 адам ұсталды.

Франция Ұлттық террормен күрес прокуратурасының (Pnat) мәлімдемесіне қарағанда, Париж сотының террормен күрес бөлімі 2020-2024 жылдар аралығында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға қатысты қылмыстарға қатысты тергеу бастады.

Тергеу террорлық әрекетке дайындалу мақсатында қылмыстық топқа қосылу, террористік ұйымды қаржыландыру және PKK террор ұйымына қатысы бар ұйымдасқан топ ретінде бопсалау әрекеті деген баптармен ашылды.

Францияда жүргізілген тергеу аясында кеше “Seine-Saint-Denis”, “Seine-et-Marne” және “Bouches du Rhone” қалаларында 8 адам ұсталды.

Көрші Бельгияда бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны насихаттап жүрген «Sterk TV және Medya Haber TV» пайдаланатын кеңселерде кеше жүргізілген тінтулер де бір француз  террормен күрес прокурорының талабы бойынша жүргізілді.

Бельгия федералдық полициясы Фламанд аймағына қарасты Дендерлеув қаласында орналасқан және бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ны насихаттап жүрген «Sterk TV және Medya Haber TV» арналары пайдаланатын кеңселерге тінту жүргізді.

Операция барысында кеңселер тінтіліп, кейбір компьютерлер мен көптеген құжат тәркіленді.

Бельгияның федералды прокуратурасы операцияның терроризмді қаржыландырудың алдын алу бойынша тергеу жүргізіп жатқан Францияның өтініші бойынша жасалғанын хабарлады.



Ұқсас жаңалықтар