Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Орталық Азия сапарына шықты

Кэмерон Орталық Азияға сапарын Тәжікстаннан бастады.

2130782
Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Орталық Азия сапарына шықты

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Ұлыбритания мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынаста «жаңа дәуір» басталғанын айтты.

Кэмерон алғаш рет Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қазақстан және Моңғолияға сапарға шықты. Сапарлардың мақсаты  - Лондонның аймақтағы елдерге ықпалын күшейту және бұл елдердің Ресейге тәуелділігін азайту. Тағы бір мақсат – Мәскеуге қарсы санкциялардың аймақтағы елдерге кері әсерін тигізбеу үшін қажетті шараларды атқару.

Кэмерон Орталық Азияға сапарын Тәжікстаннан бастады.

22 сәуірде ел астанасы Душанбеде президент Имамали Рахманмен кездесуінде Кэмерон сауда, климаттың өзгеруі және лаңкестікпен күрес сияқты маңызды салаларда «көп жұмыс істеуге болатынын» айтты. Кэмерон «Ұлыбритания Орталық Азияның барлық республикаларымен қарым-қатынасында жаңа дәуірді бастағысы келеді” деді.

Екі басшы аймақтың құрғақ климатынан туындайтын су-климат проблемаларын талқылады, сонымен қатар миграция мәселесі, Ұлыбритания мен Тәжікстан арасында тікелей әуе қатынасын ашу, Ұлыбританияның Тәжікстанмен инвестициясын арттыру, сондай-ақ қауіпсіздік проблемаларын еңсеру сияқты мәселелерді қарастырды.



Ұқсас жаңалықтар