Бес мың қызметкерді жұмыстан шығарады
Жұмыстан босатылатындар жалпы қызметкерлер санының 7 пайызын құрайды.
Жапонияның электроника өндірушісі «Toshiba» 5 мың қызметкерін қысқартады.
«Kyodo» агенттігінің компания ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлауынша, «Toshiba» қайта құру арқылы қызметкер санын қысқартуды жоспарлап отыр.
Өзінің меншікті ресурстарын инфрақұрылым, энергетика және цифрландыру сияқты өсу салаларына бағыттауды жоспарлаған компания елдегі 5 мың қызметкерін жұмыстан шығару туралы шешім қабылдады.
Жапондық компания мамыр айының басында кәсіподақпен келіссөздер жүргізіп, әрбір құрылымдық бөлімшеде қанша жұмыс орны қысқартылатынын анықтайды.
Еңбек шарты бұзылатын қызметкерлердің басым бөлігі әкімшілік пен бэк-офис қызметкерлері болады және «зейнеткерлікке ерікті түрде шығу» ұсыныстарына басымдық беріледі.
2023 жылдың наурыз айындағы дерек бойынша компанияның елде шамамен 67 мың қызметкері бар. Жұмыстан босатылатындар жалпы қызметкерлер санының 7 пайызын құрайды.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Болат: "АҚШ-пен сауда көлемі артып келеді"
Сауда министрі Өмер Болат Стамбулда өткен «Trade Winds» атты іс- шарада үн қатты.
Түркия бірінші тоқсанда 1,5 миллиард доллар инвестиция тартты
Халықаралық инвесторлар қауымдастығы тікелей халықаралық инвестиция көрсеткіштерін жариялады.