Голландияда Ислам дініне деген қызығушылық артуда

Голландияда « Король күні» іс-шараларына орай қасиетті Құран Кәрім таратылды.

2133068
Голландияда Ислам дініне деген қызығушылық артуда

Голландияда « Король күні» (Корольдің туған күні) іс-шаралары аясында ислам дінін түсіндіру мақсатында түрлі қалаларға голландша аудармасы бар қасиетті Құран Кәрім таратылды.

Мұсылман перспективасы қорына қарасты «Неліктен Ислам» бөлімшесінің басшылары мен еріктілері 15 қалада «Исламға шақыру» атты шара ұйымдастырды.

Шарада қала орталығындағыларға Король күнін тойлауға келгендерге голландша аудармасы бар Құран Кәрім сыйға тартылды. Сонымен қатар  Ислам туралы кітапшалар таратылып, Ислам діні түсіндірілді.

«Неліктен Ислам» бөлімшесінің басшысы Бекир Экинжы соңғы жылдары Голландияда исламға деген қызығушылықтың үлкен екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар