Кечели Сүлейманийе қаласына жасалған шабуыл туралы мәлімдеді

Өнджу Кечели «Кормор» газ кенішінде жұмыс істеп жатқан түрік азаматтарының жағдайына қатысты мәлімдеді.

2133084
Кечели Сүлейманийе қаласына жасалған шабуыл туралы мәлімдеді

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Өнджу Кечели Сүлейманийе қаласының Чемчемал ауданындағы «Кормор» газ кенішінде жұмыс істеп жатқан түрік азаматтарының жағдайына қатысты «Ирактың Сүлейманийе қаласының Чемчемал ауданында жұма күні қауіпсіздік мәселелері туындады. Қазір жағдай бір қалыпты көрінеді» деді.

Кечели «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан жасаған мәлімдемесінде Чемчемал ауданындағы Кормор  аймағындағы табиғи газ электр станциясы жобасында түрік компанияларының да орын алғанын атап көрсетті.

Тиісті компанияларда жұмыс істейтін түрік азаматтарының эвакуациялауды талап етуімен Эрбиль Бас консулдығының іске кіріскенін айтқан Кечели қажетті қолдау мен бағыттау жұмыстарының атқарылғанын білдірді.

Мәлімдемесінде «Ирактың Сүлейманийе қаласына қарасты Чемчемал ауданында өткен жұма күні қауіпсіздік проблемалары туындады. Қазіргі уақытта жағдай тыныш көрінеді» деген Кечели аймақтағы оқиғалардың мұқият қадағаланып жатқаны туралы ақпарат бөлісті.

Ирактың Сүлейманийе қаласындағы «Кормор» газ кешеніне пилотсыз әуе көлігі шабуылында 3 адамның қаза тапқаны атап көрсетілді.

Чемчемал ауданының губернаторы Ремк Рамазан жергілікті БАҚ-қа жасаған мәлімдемесінде Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) энергетикалық компаниясы «Dana Gas» тарапынан басқарылатын «Кормор» газ кенішіне пилотсыз әуе көлігімен жасалған шабуыл салдарынан 3 қызметкердің қаза тапқанын, 3 адамның жараланғанын айтқан болатын.

Бұл газ орны 25 қаңтар күні пилотсыз әуе көліктерінің шабуылына ұшырады және алдыңғы жылдары да зымырандық шабуылдардың нысанасы болған еді.



Ұқсас жаңалықтар