Министр Фидан PKK-ның арандатушы әрекеттері туралы мәлімдеді
Сыртқы істер министрі PKK şf0nfcnfhsys4 Еуропа елдерін үрейлендіргенін мәлімдеді.
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркияның операцияларымен тығырыққа тірелген бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ның өздеріне төзімділік танытқан Еуропа елдерін үрейлендіріп жатқанын мәлімдеді.
Стамбулдағы бір іс-шарада сөйлеген Хакан Фидан соңғы күндері PKK жақтастарының Бельгияның екі бөлек қаласында түрік азаматтарына опасыз түрде шабуылдағанын еске салды.
«Германияда Ганновер Бас консулдығымызға балтамен шабуыл жасайтындай шектен шықты» деген Фидан Францияда да ұқсас арандатушы әрекеттер жасағанын атап көрсетті.
Фидан «Біз операция жасаған сайын PKK соғұрлым тығырыққа тіреледі. Олар тығырыққа тірелген сайын бұл жолы жылдар бойы шыдап келген елдерді қорқыта бастады. Мемлекет өз азаматтарын барлық жағдайда қорғайды» деді.
Ұқсас жаңалықтар
Вице-президент "Даму жолы" жобасы туралы мәлімдеді
Йылмаз: «Түркия бұл жобамен стратегиялық тұғырын одан әрі күшейтеді».