Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияға риза
Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияның тұрақты одақтас екенін айтты.
Сомали «SONNA» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Сомали премьер-министрі Хамза Абди Барре Түркияның Сомали елшісі болып тағайындалған Алпер Акташты қабылдағаннан кейін жасаған мәлімдемесінде екі ел арасындағы қарым-қатынастарға тоқталды.
Елінің Түркиямен терең бауырластық және ынтымақтастық тарихы бар екенін түсіндірген Барре «Түркия біздің тұрақты одақтасымыз» деді.
Премьер-министр Барре елші Ақташты жаңа қызметімен құттықтап, қиын кезеңде Сомалиге қолдау көрсеткен Түркияның түрлі даму жобаларына да елеулі үлес қосқанына назар аударды.
Елші Акташ қарым-қатынастарды нығайта беретіндерін айтып, Сомали үкіметі мен халқының көрсеткен жылы қонақжайлылығына риза екенін білдірді.
Ұқсас жаңалықтар
PKK/YPG-лік 2 террорист залалсыздандырылды
Сирияның солтүстігінде жүргізілген операциялар үздіксіз жалғасуда.
Вице-президент "Даму жолы" жобасы туралы мәлімдеді
Йылмаз: «Түркия бұл жобамен стратегиялық тұғырын одан әрі күшейтеді».