Ақтауда "Түрік халқының ғасырлық рецептері" атты кітаптың тұсаукесері өтті

Ақтауда Емине Ердоғанның "Түрік халқының ғасырлық рецептері" атты кітабының тұсаукесері өтті. Іс-шара әлем бойынша ұйымдастырылып келе жатқан "Түрік асханасының апталығы" атты бағдарлама аясында іске асырылды.

26 Mayıs 2022 17:06

Түркияның Ақтаудағы Бас консулдығының ұйымдастыруымен түрік отелде өткен шараға Ақтау билігінің өкілдері, шетелдік делегациялардың өкілдері, Түркия азаматтары мен қала тұрғындары, сондай-ақ баспасөз өкілдері қатысты.

Бағдарлама аясында түрік аспазшысы қонақтарға түрік тағамдарының үлгілерін ұсынды.

Түрік тағамдарының рецептеріне үлкен қызығушылық танытқан қонақтардың алдында Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі шығарған "Түрік халқының ғасырлық рецептері" кітабының тұсаукесері өтті.

 

Жаңалықтар