Алматы нысандарын күзеткен қырғызстандық әскерлер еліне оралды

Қырғызстанның әскери қызметшілері ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштерінің құрамында Алматы қаласының маңызды нысандарын қорғау мақсатымен Қазақстанға жіберілген болатын.

14 Ocak 2022 23:18

Қырғызстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісім шеңберінде Қазақстанға 150 әскер, 8 бронетехника және керек-жарақтарды тасымалдаған 11 бірлік техника жіберген болатын.

Қызметін атқарған әскерилер "Ақ Жол" қазақ-қырғыз шекара бекітінен еліне оралды.

Әскерилер арнайы ресми рәсіммен қарсы алынды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Тоқаев елімізге төнген лаңкестік қауіпке байланысты ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік ұйымынан колдау сұрады. Қазақстанға ҰҚШҰ-ның Ресей, Беларусь, Армения, Қырғызстан және Тәжікстан елдерінің бітімгершілік күштері келді. Қазіргі таңда олар біртіндеп Қазақстан шығарыла бастады.
 

Жаңалықтар