Алматы әуежайы қайта ашылды

Бүгін таңертең Алматы халықаралық әуежайы қайта ашылды.

13 Ocak 2022 17:17

Бүкіл Қазақстан бойынша төтенше жағдай әлі де жалғасуда.

Бұған байланысты қайта ашылған Алматы халықаралық әуежайы таңғы  08:00-ден кешкі 21:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

Берілген мәліметке сәйкес, ішкі де халықаралық рейстер де іске қосылды.

Қауіпсіздік шаралар аясында әуежайға тек жолаушылар кіре алатын болады. Шығарып салатын немесе күтіп алатындарға әуежайға кіруге тыйым салынды. 

Қазақстандағы трагедиялық оқиғалардан кейін бүгін таңертеңгісі Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы алғаш рейс жасалды.
 

 

Жаңалықтар