Алматының символы - әйгілі Апорт алмасы

Еліміздің мәдени астанасы - Алматы тарихи апортымен танымал.

20 Mayıs 2022 10:33

Апорт - алманың ірі, әрі құнды түрі. Салқындау, бірақ ұзақ емес қысы бар, ал жазы жылы немесе ыстық болатын оңтүстіктің орта белдеуінде кең тараған. Апорттың қабығы тығыз, сары немесе жасыл-сары қызыл-қоңыр мөрімен болады; ішкі жағы (еті) сусымалылығымен, нәзік дәмімен ерекшеленеді.

Апорт - кеш пісетін түрге жатады, қыркүйек айларында ғана пісіп жетіледі. Кеш піскендіктен қыста жақсы сақталады. Ең танымал апорт бақтары Алматы сыртында орналасқан (мысалы, Бесқайнар ауылдық аймағы). ҚСРО кезінде Алматы қаласының рәмізіне де айналған.

1895 Воронежск губерниясының тұрғыны Е. Редько апорт алма ағашын Верный округінде (Болашақтағы- Алматы) өсірген. Оны Сиверс алмасымен будандастырғаннан кейін ол өте атақты болды. 

ХХ ғасырдың басында апорт Ресейдәі орталығында танымал болды. Орталықтың жірмеңкелері мен базарларында өте атақты болды. 1900 Парижда апорт Верный уездінің үздік туындысы ретінде қарастырылып, үздік орынға йе болған. 1908 жылы Германияда өткен Мангейм көрмесінде мамандардың үздік бағасына қол жетті.

2002 жылы Қазпошта «Александр апорты» бренді кіретін "Іле Алатауы ұлттық паркі" пошта блогын шығарды.

2009 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде 500 теңгелік естелік монета пайда болды. Ол алматылық апортқа арналған болатын.

Жаңалықтар