Анкарада «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ұйымдастыруымен «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

17 Mayıs 2022 18:45

Қазақстанның Анкарадағы Елшілігінің ұйымдастыруымен және қоғамдық-саяси топтардың, белгілі сарапшылар қауымдастығының, жергілікті БАҚ өкілдерінің қатысуымен алдағы жалпыхалықтық референдумға шығарылатын Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын талқылауға арналған «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің ғимаратында өткен іс-шараға Қазақстанның Түркиядағы Өкілетті елшісі Еркебұлан Сапиев, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің депутаттары және Қазақстан-Түркия достық тобының төрағалары Ирфан Картал, Фикрет Шахин, Анкара саясат және дағдарыс зерттеулері орталығының (АНКАСАМ) төрағасы проф.док. Мехмет Сейфеттин Ерол, Сахипкыран стратегиялық зерттеулер орталығының (SASAM) төрағасы Месут Эмре Каракөсе, SASAM-ның сарапшысы, Түркия-Қазақстан достық қорының төрағасы Жесур Таш, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары және Анкарадағы қазақстандық студенттер қатысты.

Сәпиев Қазақстан мен Түркия арасындағы екіжақты және көпжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткен нәтижелерге тоқталып өтті.

Атап айтқанда, екі елдің сауда-экономикалық қатынастары бойынша Түркия Қазақстанның ірі экономикалық серіктестерінің бірі болып табылатынын және 2021 ж. нәтижелері бойынша Түркия Қазақстанның алғашқы 5 сауда серіктестерінің қатарына кіргенін және екі мемлекет арасындағы тауар айналымы 4 млрд. АҚШ долларынан асып отырғанын, 2022 жылдың үш айының қорытындысы бойынша тауар айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларына жеткенін және алдағы уақытта осындай динамика сақталса, онда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 5 млрд. АҚШ долл. асатынын мәлімдеді.

Бұл өз кезегінде екі мемлекет басшыларының келешектегі сауда айналымын 10 млрд.АҚШ долларына жеткізу жөніндегі мақсатқа жетуді білдіреді.

Сонымен қатар, Елші жақында Қазақстанның Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркия Республикасына жасаған мемлекеттік сапары барысында маңызды 15 құжатқа қол қойылғанын, Мемлекет басшыларының қазақ-түрік қарым-қатынастарын «кеңейтілген стратегиялық серіктестік» деңгейіне көтеру туралы шешімдерін атап өтіп, маңызды келісімдердің бірі кедендік жүк тасымалдарын атап өтуге болатынын, бұл екі ел арасындағы жүк тасымалының ұлғаюына септігін тигізетінін және білім саласында маңызды келісімге қол қойылғанын, бұл салада тәжірибе алмасу, білім беру бағдарламаларын іске асыру, бірлескен жобаларды жүргізу көзделгенін атап өтті.

Елші Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша биылғы 5 маусымда өтетін республикалық референдумға тоқталып өтті.

Дөңгелек үстелдің модераторы болып Сахипкыран стратегиялық зерттеулер орталығының (SASAM) сарапшысы, Түркия-Қазақстан достық қорының төрағасы Ж.Таш белгіленді. Аталған іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» жолдауы аясындағы ауқымды бастамалары және Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша өтетін республикалық референдум сөз болды.

Шараға қатысқан белгілі түрік сарапшылары АНКАСАМ төрағасы проф.док. М.С.Ерол және SASAM төрағасы М.Э.Каракөсе Қазақстандағы жаңа саяси реформаларға жан-жақты тоқталып өтіп, ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев тарапынан енгізіліп отырған саяси реформалар қазақ қоғамы үшін өте дер кезінде қолға алынған және қажетті реформа болып есептелетінін атап өтіп, Қазақстандағы демократиялық реформалар халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталғанын білдірді. Қатысушылар дөңгелек үстел барысында сұрақ қойып, өз пікірлерімен бөлісті.

Жаңалықтар