Қазақстанға Түркіменстаннан табиғи газ экспортталмақ

Қазақстан мен Түркіменстан арасында табиғи газ жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

22 Mayıs 2022 23:32

Түркіменстанның ресми телеарнасының хабарлауынша, Қазақстанның вице-премьері Роман Склярдың Түркіменстанға іске асырған ресми сапары аясында табиғи газ туралы келісімге қол қойылды.

Скляр Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында елімізге түрікмен табиғи газын экспорттау туралы келісімге қол жеткізілді.

Тараптар, сондай-ақ Қазақстанның Түрікменстанда астық терминалын салу туралы келісті.

Айта кетейік, Түркіменстанда жылына 83 миллиард текше метр табиғи газ өндіріледі. Қазіргі таңда түркімен газы Қытайға, Ресейге және Әзірбайжанға экспортталады.

Жаңалықтар