19

Қазақстан мен Түркия "Ковид-19" екпе паспортын өзара мақұлдады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде 22 қыркүйектен бастап Қазақстан Түркия, Мажарстан, Қырғызстан, Грузия, Таиланд, Молдова және Моңғолияның құзыретті мемлекеттік органдарымен вакцина паспорттарын өзара тану туралы келіссөздер өткізілді.

24 Eylül 2021 14:08

Мәлімдемеде: "Осыдан кейін коронавирусқа қарсы толық екпе алған еліміздің және аталған елдің азаматтары мемлекеттік шекаралардан карантиндік шектеусіз өтуі мүмкін," - делінген.

Сонымен қатар Беларусь, Вьетнам, Египет және Оман Қазақстанның екпе паспортын біржақты мақұлдады,  еліміздің азаматтары бұл елдерге кедергісіз саяхат ете алады.

Қазіргі таңда Ковид-19 вакцинасының паспорттарын өзара тану үшін Әзірбайжан, Өзбекстан, Ресей, Аргентина, Иордания, Марокко, Индонезия, Армения және Филиппинмен келіссөздер жүргізілгені мәлім етілді.

 

Жаңалықтар