"Қазақстан" телерадиокорпорациясының қызметкерлері түркиялық "ТРТ" телерадиокомпаниясымен тәжірибе алмасып, семинарға қатысты.

 "Репортерлік кәсіпті трансформациялау: Телерепортаждардан цифрлық репортаждарға дейін" тақырыбындағы шара аяқталып, қазақстандық журналистер сертификат алды.

29 Haziran 2022 10:06

Түрік радио және телевизия ұйымы (ТРТ) қазақстандық БАҚ қызметкерлеріне арналған онлайн-оқыту өткізді.

ТРТ цифрлық жаңалықтар мен журналистика саласындағы жұмыс тәжірибесін қазақстандық әріптестерімен бөлісті.

Журналист Абылай Хамидулла: "БАҚ-тың жаңа дәуірінде тілшілердің жауапкершілігі одан әрі арта түседі. Мен бұл тұрғыда іске асырылған оқу өте пайдалы болғанын ойлаймын." - деді.

Сертификат тапсыру рәсімі Нұр-Сұлтанда өткен салтанатты шара аясында өтті.

Шараға Түркияның Қазақстандағы өкілетті және төтенше елшісі Уфук Екиджи, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма Төрайымы Ляззат Танысбай және ТРТ-ның Қазақстандағы өкілі Мехмед Захид Чалышкан қатысты.

 

 

 

 

 

Жаңалықтар