Қазақстанда "Әл-Фараби - Иқбал" халықаралық форумы басталды.

Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бірлесіп ұйымдастыруымен "Әл-Фараби - Иқбал" халықаралық форумы басталды.

28 Mayıs 2022 01:30

Алматы қаласында Халықаралық Түркі академиясы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының Ғылыми және техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSTECH) бірлесіп ұйымдастыруымен "Әл-Фараби - Иқбал" халықаралық форумы басталды.

Алғаш рет ұйымдастырылған Форумның салтанатты ашылуына ИЫҰ Ғылым және технологиялар жөніндегі тұрақты комитетінің (COMSCTECH) Бас үйлестірушісі Иқбал Чаудхари, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры Жансейіт Tүймебаев, ҚР Білім және ғылым министрінің орынбасары Қуаныш Ерғалиев, ТҮРКСОЙ ұйымының Бас хатшысы Сұлтан Раев, Пәкістан Сенатының адам құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы, Сенатор Уалид Иқбал, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің (АӨСШК) Хатшылығының атқарушы директорының орынбасары Чи Фанг, Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Қыстафин, Пәкістан Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Саджад Ахмед Сихар, Түркия Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Екиджи және басқалары қатысып, сөз сөйледі.

Адамзат тарихынды, дүние өркениетінде елеулі із қалдырған Әл-Фараби мен Иқбал мұраларын зерделеуге арналған, офлайн және онлайн форматта өткен алқалы жиынға 10-нан аса мемлекеттен, соның ішінде Түркі елдері мен ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің гуманитарлық сала ғалымдары, философтар мен шығыстанушылар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, дипломатиялық және депутаттық корпусының қызметкерлері, сарапшылары қатысып жатыр.

Бірнеше секция арқылы жалғасатын ғылыми жиынның алдында ислам калиграфиясы бойынша арнайы көрме ұйымдастырылды, бірнеше кітаптың тұсаукесері өтті.

Жаңалықтар