Қазақстанда Ұлттық қауіпсіздіктің жаңа стратегиясы қабылданды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған еліміздің Ұлттық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясын көздейтін жарлықты бекітті.

22 Haziran 2021 14:23

Президенттің ресми сайтында жарияланған тиісті жарлықта жаңа стратегияда ұлттық мүдделерді қорғаудың өзекті тәсілдері бар делінген.

Жарлықта Қазақстанның 2021-2025 жылдарына арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Тоқаевтың жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесінің негізгі құжаттарының бірі болатыны атап өтілді.

Жарлықта әлемде коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуі және биологиялық қауіпсіздікке төнетін қатерлердің жалғасуы, аймақтық және халықаралық аренадағы шиеліністер сияқты элементтерге байланысты Ұлттық қауіпсіздік саясатын күшейту көзделген. 

"Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігі алдыңғы қатарда тұрған стратегияда адам капиталы саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, ұлттың зияткерлік әлеуетін арттыруға баса назар аударылады," - делінген жарлықта.

Сонымен қатар жарлықта қорғаныс мүмкіндіктерін нығайту стратегияның негізгі тармақтары, сондай-ақ экономикалық, азық-түлік, су ресурстары және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы міндеттерді қайта қарау болып табылатыны атап өтілген.

Жаңалықтар