Қазақстанда жаппай іс-шара өткізуге рұқсат берілді

Коронавирус індетіне байланысты енгізілген жаппай іс-шараларды өткізуге салынған тыйым алынып тасталды.

22 Eylül 2021 15:53

Қазақстанның Ковид-19 жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және соңғы 2 аптада өлім-жітім санының 60 пайызға дейін төмендеуіне байланысты карантиндік шараларды жеңілдету туралы шешім қабылдады.

Тиісінше, 27 қыркүйектен бастап елімізде үйлену тойлары, ас беру, жұма намаздары, форумдар мен конференциялар, көрмелер мен спорттық жарыстар сияқты жаппай іс-шараларға рұқсат етіледі. Алайда қызыл санаттағы аймақтарда үйлену тойлар мен форумдарға қатысқан адамдардың саны 50-ден аспауы тиіс. Көрмелерге бір уақытта 200 адам қатыса алады. Жұма намаздары мен спорттық жарыстар алаңдарының толуы 50 пайыздан аспауы керек, деп мәлім етілді.

Ал сары санатта орын алған аймақтарда үйлену тойлары мен форумдарға қатысушылар саны 70 адамнан аспауы тиіс, көрме залдары бір уақытта 300-ге дейін келушілерді қабылдай алады. Сондай-ақ жұма намаздары мен спорттық жарыстар алаңдарының толуы 70 пайыздан аспауы керек.

Айта кетейік, қазіргі таңда Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар  қызыл, яғни қауіпті санатта орын алуда, ал басқа өңірлер сары және жасыл санатқа жатады.

 

Anahtar Kelimeler: коронавирус індеті,

Жаңалықтар