19

Қазақстанның шекараларында Ковид-19- ға қарсы бақылау күшейтіледі

Қазақстан Премьер-министрі Асқар Мамин көрші елдерде эпидахуалдың нашарлауына байланысты елдің шекараларындағы бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.

22 Haziran 2021 15:27

Министрлер Кабинетінің апта сайынғы отырысында сөз сөйлеген Мамин, елордамыз Нұр-Сұлтанды қоспағанда, бүкіл ел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін хабарлады.

Елордада Ковид-19 қауіпті түрі ретінде белгілі үнді мутациясын анықтау мүмкіндігін көрсете отырып, Мамин Нұр-Сұлтанда қосымша шаралар қабылдау қажет екенін айтты.

Мамин Қазақстандағы індетке қатысты жағдай жалпы тұрақты екенін атап өтті, бірақ көрші елдердегі күнделікті жағдайлардың көбеюіне байланысты мемлекеттік шекараларда бақылауды күшейтуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ауруханалардың 25 пайызды, ал реанимация бөлімшелері 21 пайызға толғанын мәлімдеді. 

Айта кетейік, 1 ақпаннан бастап елімізде Ковид-19-ға қарсы вакцинацияланғандардың саны 1,7 миллион адам болғаны жарияланды.

Жаңалықтар