Қазақтың лирик ақыны Мұқағали Мақатаев Түркияның астанасында арнайы іс-шарада еске алынды

Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКІСОЙ) ұйымдастырған іс-шарасында қазақтың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай «Қайтқанда соңғы тырналар» атты кітаптың тұсауы кесілді.

23 Haziran 2021 16:20

Анкара қаласындағы ТҮРКІСОЙ орталығында өткен іс-шараға аталған ұйымның Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы, Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев және көптеген қонақтар қатысты.

Кіріспе сөзін сөйлеген Қасейінов, қазақтың танымал ақыны Мақатаевтың «Қайтқанда соңғы тырналар» атты кітаптың тұсаукесері үшін жиналғандарын білдірді.

Мақатаев жазған өлеңдерінде еліне шексіз махаббаты туралы жазғанын атап өткен Бас хатшы: "45 жылдық өткінші өмірін өте құнды туындылармен безендірген, Мақатаевтың құндылығы жастығына қарамастан кемелдену нышаны ретінде көрініп, қайтыс болғаннан кейін одан әрі бағаланды," - деді.

Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев Мақатаевтың сан қырлы өмірі мен қаламынан шыққан еңбектерін одан әрі көп зерттеу керек екендігін ескертіп, ұлы тұлғаның шығармалары ағылшын, неміс, қытай, өзбек және қырғыз тілдеріне аударылғанын атап өтті. Сонымен қатар Мақатаевты тақырып ретінде алып жазылған бірнеше диссертациялық жұмыстар дайындалып, қорғалғанын айтқан Жұрынбаев, ақынның шығармалары бойынша 1000-ға жуық жұмыс жазылғанын хабарлады. Қазақстанның мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Мақатаевтың шығармалары түркі халықтарының тілдеріне де аударылғанына аса қуанышты болғанын білдірді.

Өз кезегінде Қазақстанның Түркиядағы Елшісі Абзал Сапарбекұлы биыл еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығы болғанын және 2022 жылы Қазақстан-Түркия дипломатиялық қатынастарының 30 жылдығы атап өтілетінін еске сала отырып, Қазақстан мен Түркия арасындағы мәдени қарым-қатынастар қарқынды дамып келе жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар Елші, Мақатаевтың қазақ халқы үшін ерекше орны болғанын айта келе: "Мақатаев өз шығармаларымен қазақ поэзиясын жаңа биікке көтеріп, мазмұнын одан әрі байытты,"- деді. 

Тұсаукесер рәсімінен кейін Мақатаевтың ұлы Жұлдыз Мақатаев, аталған кітаптың редакторы - ТҮРКІСОЙ дың Қырғызстандағы өкілі және қырғыз халық ақыны Коджогелді Күлтегін, Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Марлен Көлбаев, Еуразиялық Жазушылар Одағының президенті Якуп Омароғлу және жазушы Кенан Чарбұға панельде презентация өткізді.

Жаңалықтар