Бүгін Бурсада Түркі мемлекеттерінің Омбудсмендер одағы құрылады

Бүгін түркітілдес елдер арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Түркі мемлекеттерінің Омбудсмендер одағы құрылады.

13 Mayıs 2022 10:54

Түркі мемлекеттерінің Омбудсмендер одағының Бурса қаласында құрылуы жоспарланды. Бұл шешім Бурсаның "Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" шаралары аясында қабылданған болатын.

Іс-шараға Түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырымның қатысуы күтіліп жатыр.

Жоспарланған шарадан бұрын Әзірбайжан омбудсмені Сабина Әлиева, СКТР жоғары басшылығының аудиторы Илкан Варол, Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова, Қырғызстан омбудсмені Атыр Абдрахматова және Өзбекстан омбудсмені Феруза Ешматова Бурса қаласының губернаторы Жәкіп Жанболатпен кездесті.

 

 

Жаңалықтар