Бабыр, Үндістандағы Ұлы түркі мемлекетінің (Ұлы Моғол империясының) негізін қалаушы

Моғол империясы Үндістанды 1526 жылдан 1858 жылға дейін басқарды.

24 Eylül 2021 17:46

Бабыр шах (1483-1530) – Үндістандағы ең үлкен мұсылман мемлекеті Бабыр Империясының құрушысы. Есімі Заһируддин Мұхаммед Бабыр. Әкесі Әмір Темірдің ұрпағынан Омар Шейх, анасы Шағатай ханның шөбересі Құтлық Нигар Ханым.

Бабыр жас кезінен әскери тәлім тәрбиені жетік меңгеріп, жорықтарға қатысып, қолбасшылық қасиеттерін дамытты. 1494 ж әкесінің қайтыс болуынан кейін Ферғананың әмірі болды. 1498-1500 жылдары арасында Шайбанилердің басқыншылығы кезінде Самарқандпен Әндіжанды алып қалуға тырысады. Бірақ сәтсіздікке ұшырап барлық иелігінен айрылады. Ташкентте нағашысының жанында болып әскер жинайды. Кейін Гиндикуш тауларын асып Кабулды қан төкпей басып алады. 1504 ж Гиндикуштан Ғазнаға дейінгі жерлерді иемденді. Парсы, түрік, татар, үнді, пешту тілдерінде сөйлейтін халқын әділеттікпен басқарды. Исламның таралу жолында көп еңбек етті. Барған жерлерінде Ислам шариғатын орнатты. 1519 ж Индус өзенінен өтіп Пенжабты қолға түсірді. Пұтқа және отқа табынатын раджалардың зұлымдығындағы Үндістанға Исламды үйретуді мақсат тұтты. Үндістанды жаулау үшін батыстағы ең үлкен Түрік-Ислам мемлекеті Осман империясынан зеңбірек жасайтын ұсталар алдырды. Жақсы дайындықпен 1526 ж Дели, Агра, Ханпур қалаларын басып алды.

Бабыр 1530 жылдың 26 желтоқсанында Аграда (Үндістан) қайтыс болып, Аграда жерленген. 1539 жыфлы Кабулдағы Бабыр бағына қайтадан жерленді, 1646 жылы кесене тұрғызылды.

Бабырдың мәдени қызметі

Бабыр өнерге үлкен мән берген адам болған. Ол 1493 жылдан 1525 жылға дейінгі оқиғаларды қамтитын "Бабыр наама" мемуарлық кітабын жазды. Бабур қаламының астынан түркі тілінде және аз дәрежеде Орта Азияда парсы тілінде "аруз туралы мақала" өлең жазу өнері туралы еңбек жасаған.

Бабыр негізін қалаған мемлекетте астрономия, әдебиет, сәулет және өнерге ерекше назар аударылды

Тәж-Махал Моғол кезеңіндегі үнді сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші ретінде салынды.

Сонымен қатар, Хумоюнь кесенесі, Агра және Лахор бекіністері Моғол (Бабыр) сәулет өнерінің сирек кездесетін үлгілері ретінде қарастырылуы мүмкін. Бұл ескерткіштер ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген.

Моғол сәулетінің үлгілерін тек Үндістанда ғана емес, Пәкістанда, Ауғанстанда және Бангладеште де табуға болады.

 


 

Жаңалықтар