Бурсада "Түркі дәстүрлі өнерінің көрмесі" ашылды

"Бурса - Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" іс-шаралары аясында арнайы көрме ұйымдастырылды.

13 Mayıs 2022 09:36

Бурса Ұлытау университетінің өнер факультетінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан және Өзбекстан онер адамдарының туындылары ұсынылды.

Көрменің ашылу салтанатында қатысушылар каллиграфия, миниатюра, мәрмәр, киіз, ағаш ою, кілем тоқу сияқты жұмыстарын көрсетті.

Бурса қаласының әкімі Сүлейман Челик "Түркі әлемінің мәдени астанасы 2022" - Бурсада осындай іс-шаралардың ұйымдастырылуы үлкен мәнге ие екенін атап өтті.

Көрме Шефик Өнер галереясында 15 мамырға дейін ашық болады.

 

 

Жаңалықтар