"Оғызжан және ұлдары" су бұрқағы, Түркіменстан

"Оғызжан және ұлдары" су бұрқағы Ашқабат қаласында орналасқан.

25 Eylül 2021 17:39

2008 жылы салынған "Оғызжан және ұлдары " су бұрқағы Түркіменстанның астанасы Ашқабаттың символдарының бірі болып табылады.

Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес аталған су бұрқақ әлемдегі ең үлкен су бұрқағы болып саналады. Бұл кешен 27 синхронды, жарықтандырылған және 15 га аумаққа орналасқан, толығымен бағдарламаланатын субұрқақтарды қамтиды, сондай-ақ кешеннің жарықтандыру жүйесі күн энергиясымен жұмыс істейді.

Су бұрқақтың аты түркі халықтарының аты аңызға айналған ата-бабалары Оғыз хан мен оның алты ұлы - Күн Хан, Ай Хан, Жұлдыз Хан, Көк Хан, Тау Хан және Теңіз Хан тұлғаларынан келеді.

Кешенді тұрғызу жұмыстарына Түркіменстанның халық сәулетшісі Бабасар Аннамурадовтың басшылығымен өнер адамдары қатысты. Бұл ескерткіштер түркімен халқының бейбітшілігін, қол сұғылмайтын бірлік пен тұтастығын, сондай-ақ қазіргі Түркіменстанның рухы мен күшін бейнелейді.

Жаңалықтар