"Қорқыт Ата хиқаяларының" жаңа көшірмесі табылды

Түркияда "Қорқыт Ата хиқаяларының" жаңа көшірмесі табылды.

14 Mayıs 2022 23:12

"Қорқыт Ата хиқаяларының" жаңа көшірмесі табылды деп жарияланды

Соңғы уақытқа дейін Қорқыт Ата әңгімелерінің төрт көшірмесі табылған болатын. Олар Дрезден, Ватикан, Түркі тарихы институттары және Гюнбед-Кавус үлгілері деп аталады. Ал енді жаңа үлгінің табылуы бүкіл түркі әлеміне сүйінші ретінде жаңалық болды. 

Қорқыт Ата кім?

Бүкіл түркі әлемінде жыршы, әңгімеші, ақылшы, хандарға ақыл берген кеңесші ретінде танылған Қорқыт Ата, түркітілдес халықтарының рухында әулие ретінде қабылданған.

Қорқыт ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалыптасқан. Алайда зерттеулердің көпшілігі Қорқыт ата Сырдария (Қызылорда) бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды.

Ел ауызындағы аңыз бойынша ең алғаш қобыз жасап, оның қыл ішегінен жаратылыстың үнін күй қылып тартқан адам Қорқыт болып саналады. 

Қорқыт Ата қобызын тартқанда табиғат тына қалып, жер-жиһан, ұшқан құс, жүгірген аң үн-түнсіз тыңдайды екен.

Музыканың сырлы сазына ұйыған өлімнің өзі де күй сарыны аяқталмайынша Қорқытқа жақындай алмаған көрінеді.

Қорқыт атаның музыкалық мұрасы қазіргі заманға дейін сақталып, бүл күнде оның оннан астам күйлері белгілі болып отыр.

Ғасырлар бойы Қорқыт сарындары бақсы әдеттерінде қолданылуына байланысты бақсылық дәстүрімен бірге жоғалып кетуге тиіс еді. Алайда, Қорқыт Атаның күйлері мәңгі өшпепейтін шынай өнер болғандықтан талай ғасырды асып, бүгінгі таңға жетті.

Жаңалықтар