Самсундағы Шахинкая шатқалы

Түркияның Самсун қаласының Уәзіркөпір ауданында орналасқан Алтынкая көлі аймағындағы Шахинкая шатқалына көптеген туристер келуде.

14 Mayıs 2022 22:52

Қызылырмақ өзенінен пайда болған Шахинкая шатқалы тік жартастардың арасынан өз жолын тауып, көктемнің келуімен жасылға айналды. Шатқалдың ұзындығы 2500 метр, судың орташа тереңдігі 106 метр және шатқалдың биіктігі 340 метр.

Бұл Қызылырмақтың ең тар, ең ұзын жолы. Уәзіркөпір ауданындағы Алтынкая бөгеті көлінде орналасқан Шахинкая шатқалы қалаға келген жергілікті және шетелдік туристердің назарына айналды.

Челтек ауылы мен Шахинкая шатқалы Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі тарапынан туристік аймақ деп жарияланды.

 

Жаңалықтар