ytb

Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастығы (YTB) Түркияда білім алып жатқан қазақ студенттеріне қолдау көрсетті

Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастығының (YTB) ұйымдастырған арнайы бағдарламада қазақ студенттері Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлымен кездесті.

16 Ocak 2022 01:29

Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастығы "Түркия стипендиялары" бағдарламасы аясында білім алып жатқан қазақ студенттеріне арнайы таңғы ас ұйымдастырды.

Іс-шарада сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы мен YTB төрағасы Абдуллах Эрен Қазақстанның болашағын жастар құратынына баса назар аударып, Түркияда білім алған қазақ студенттердің екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтатынына сенімін білдірді.

Сонымен қатар Абдуллах Эрен аталмыш шараның Қазақстандағы оқиғаларға байланысты қазақ жастарына қолдау көрсету мақсатымен ұйымдастырылғанын атап өтті.

"Түркия стипендиялары" бағдарламасының Қазақстан мен Түркия арасындағы достық пен бауырластықты нығайту ниетімен іске асырылғанын айта келе Эрен: "Қазақстанның болашағы жастарға аманат," - деді.

Айта кетейік, 1992 жылдан бастап Түркияда 5 мың 600 қазақстандық студент стипендия арқылы білім алды.

Қазіргі таңда Шетелдегі Түріктер және Ағайын Қауымдастығының "Түркия стипендиялары" бағдарламасы аясында 505 қазақстандық студент Түркия университеттерінде білім алуда. Олардың 112-сі елдің астанасы Анкарада оқуда.

Жаңалықтар