Түркі мемлекеттерінің омбудсмендер одағы құрылды

Шараға Түркі мемлекеттері ұйымының ақсақалдар кеңесінің төрағасы Бинали Йылдырым да қатысты.

13 Mayıs 2022 17:08

Түркітілдес елдер арасындағы байланыстарды нығайту мақсатында Түркі мемлекеттері омбудсмендерінің Одағы құрылды.

"Түркі әлемінің мәдени астанасы" Бурсада қонақ үйінде өткен кездесудің мақсаты азаматтарды қорғау, құқық бұзушылықтар туралы есеп беру болып табылатыны мәлімденді.

Кездесуде көптеген мәселе бойынша бірлескен жұмыс істеуге шешім қабылданды.

Шарада Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасары Мирвохид Азимов, Әзірбайжан омбудсмені Сабина Алиева, СКТР Жоғары инспекторы Илкан Варол, Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Азимова, Қырғызстан омбудсмені Атыр Абдрахматова және Өзбекстан омбудсмені Феруза Эшматова сөз сөйледі.

Қатысушы елдердің өкілдері арасында сөз сөйлегеннен кейін одақты құру туралы келісімге қол жеткізілді.

 

 

Жаңалықтар