Түркі мемлекеттері ұйымының отырысында БАҚ саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Отырысқа түркітілдес елдердің БАҚ және ақпарат үшін жауапты министрлері қатысты.

Түркі мемлекеттері ұйымының отырысында БАҚ саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері талқыланды. Отырысқа түркітілдес елдердің БАҚ және ақпарат үшін жауапты министрлері қатысты.

16 Mayıs 2022 10:25

Аталған отырысқа Қазақстан радио-теледидар ұйымының Вице-президенті Ильхамжан Ибрагимов, Қырғызстанның ақпараттық саясат басқармасының лицензиялық бақылау бөлімінің бастығы Бектұр Ибрагимов және Өзбекстан ұлттық теледидар және радио агенттігінің халықаралық қатынастар бөлімінің басшысы Лазиз Джураевелдерінің БАҚ саласында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

ТРТ Әуез телеарнасының бас директоры Седат Сағыркая мұндай кездесулердің Түркі әлемі үшін өте маңызды екенін атап өтті.

Әлемдік тепе-теңдік пен саясат күн сайын өзгергенін айта келе, Сағыркая: "Осындай іс-шаралар түркітілдес елдер арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға үлес қосады. Түркітілдес халықтардың мәдениет пен өркениетін сақтау және нығайту үшін аталған шараларға көбірек көңіл бөлу керек. ТРТ Әуез телеарнамыз осы мақсатта қарқынды және жоспарлы жұмыс жүргізуде. ТРТ Әуез түркі әлеміне тиесілі мәдени, саяси және экономикалық оқиғаларды көрсететін жалғыз телеарна ретінде өз хабар тарату өмірімізді жалғастырып келеміз." - деп айтты.

Орта Азия жағрапиясында өмір сүретін түркітілдес халықтары үшін ТРТ Аваз телеарнасында Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстан елдерінің тілінде телеэфир ұсынылады. ТРТ Аваз телеарнасы HD форматта қызмет береді, сондай-ақ Türksat антеннасы арқылы Орта Азияда тұратын әркім телеэфирді көре алады. Арнаның эфирінде - білім, мәдениет, өнер, ғылым, балалар мен отбасы, тарих пен жағрапия, тіл мен ой тақырыбындағы көптеген программалар ұсынылады.

Жаңалықтар