Түркітілдес елдер арасында сақтандыру саласындағы ынтымақтастық

Ыстанбұлда Түркияның сақтандырушылар одағының төрағалығымен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның сақтандыру қауымдастықтары басшыларының кездесуі өтті.

24 Mayıs 2022 18:02

Түркияның сақтандырушылар одағының ұйымдастырумыен өткен сақтандыру жөніндегі халықаралық саммитте тараптар меморандумға қол қойып, "сақтандыру жөніндегі өңірлік кеңесті" құруға алғашқы қадамын жасады.

Қол қою рәсімінде сөз сөйлеген Түркия сақтандырушылар одағының басшысы Атилла Бенли, бұл қадамның түркі әлемінің одан әрі нығайып, ынтымақтасуына елеулі үлес қосатынын айтып өтті.

Атилла Бенли, Әзірбайжан сақтандырушылары қауымдастығының президенті Эльмар Мирсалаев, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығының президенті Виталий Веревкин, Қырғызстан сақтандырушылары қауымдастығының президенті Сабырбек Молдокулов және Өзбекстан сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары қауымдастығының президенті Ойбек Халилов қол қойған өзара түсіністік туралы меморандум сақтандыру саласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасындағы "алғашқы жан-жақты ынтымақтастықты" жүзеге асыруы жоспарлануда.

Жаңалықтар