ТҮРКОМБ - түркітілдес елдер арасындағы байланысты нығайтуда

Түркі мемлекеттерінің омбудсмендер одағы "ТҮРКОМБ" - ұйымға мүше елдер арасындағы байланыстарды нығайтуды мақсат етіп қойды.

23 Mayıs 2022 15:33

ТҮРКОМБ ағымдағы жылдың 13-ші мамырында Түркияның Бурса қаласында құрылды. Одаққа Қазақстан, Түркия, Солтүстік Кипр Түрік Республикасы, Әзірбайжан, Өзбекстан және Қырғызстан мүше болып табылады.

Бас омбудсмен Шереф Малкочтың ақпараты бойынша, ТҮРКОМБ одаққа мүше елдер арасындағы байланыстарды нығайтуды өзінің мақсаты ретінде қабылдаған.

Малкоч, Әзірбайжан, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркіменстан тәуелсіздігін алғаннан бері Түркияның аталған елдерге жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, 2021 жылы 12 қарашада Түркия Республикасының Президенті Р.Т. Ердоғанның төрағалығымен Түркі кеңесіне мүше мемлекеттердің саммиті өтіп, онда Түрең Кеңесінің атауын Түркі мемлекеттері ұйымы ретінде өзгерту туралы шешім қабылданды. Содан бері ұйымға мүше мемлекеттердің саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени салалардағы қызметі кеңейді.

"Үлгілі бірлік болады"

Малкоч ТҮРКОМБ одағының Түркі әлемінің мәдени астанасы Бурсада құрылғанын атап өтті. Осман империясының алғашқы астанасы болып табылатын Бурса қаласында одақтың алғашқы отырысы өтті.

Мажарстан мен Түркіменстан мүше болуы мүмкін

Қазіргі уақытта ТҮРКОМБ құрамына 6 мүше мемлекет кіреді. Малкочтың айтуынша, Мажарстан мен Түркіменстан көп ұзамай одаққа мүше болуы мүмкін.

Жаңалықтар