4

Тағы 4 облыста Төтенше жағдайдың күші жойылды

Қазақстандағы наразылықтар мен зорлық-зомбылыққа байланысты бүкіл ел бойынша жарияланған Төтенше жағдайдың күші бүгін тағы 4 облыста жойылды.

14 Ocak 2022 23:37

Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес, 14 қаңтардан бастап Шымкент, Түркістан, Қарағанды қалаларында және Шығыс Қазақстан облысында жарияланған Төтенше жағдайдың күші жойылды.

Бұған дейін Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодарда Төтенше жағдай тоқтатылған болатын.

Айта кетейік, 5 қаңтарда еліміздің 3 ірі қаласы мен 14 облысында Төтенше жағдай жарияланған болатын. 

Күнделікті өмір біртіндеп қалпына келуде

ҰҚШҰ-ның бірлескен бітімгер контингентінің кезең-кезеңмен шығарылуы басталды.

Кеше Алматы әуежайынан ресейлік әскери қызметшілерді тасымалдайтын 10-нан астам ұшақ, ал бүгін Қырғызстан, Беларусь, Тәжікстан және Арменияның әскерилері еліне оралды.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктер мен айырбастау пункттері қайта ашылды. Ғаламтор шектеулері толығымен алынып тасталды. Сауда және ойын-сауық орталықтары, мейрамханалар мен кафелер қызмет беруге бастады.

Оқиға салдарынан ең ауыр зардап шеккен Алматыда қаланы тазалау және жөндеу жұмыстары бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Атап айтқанда, Алматы Әкімшілігінің ғимаратында қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қауіпсіздік күштерімен қоршалған "Республика алаңы" көлік қозғалысына қайта ашылды. Сонымен қатар Алматы әуежайында ішкі рейстер іске асырыла бастады.

Ел экономикасына келтірілген шығын 217 миллион доллардан асты

Террорлық шабуыл нәтижесінде, әсіресе Алматыда жұмыс орындары, банк ғимараттары мен сауда орталықтары ең көп зардап шекті.

Оқиғалар салдарынан ел экономикасына келтірілген залал 217,7 миллион доллардан асты деп хабарланды.

Қауіпсіздік күштерінің антитеррор операциялары Алматы мен Жамбыл облысының аудандарында жалғасуда. Бүгінгі таңда қақтығыстар салдарынан ұсталғандардың саны 10 мыңнан асты.

 

Жаңалықтар