Қырғызстанда Еуразиялық экономикалық форум өтті

Қырғызстанда 1-ші Еуразиялық экономикалық форум болып өтті.

27 Mayıs 2022 14:56

Еуразиялық экономикалық одақтың органы Еуразиялық экономикалық комиссия тарапынан ұйымдастырылған "Жаһандық өзгерістер дәуіріндегі Еуразиялық экономикалық интеграция: инвестициялық қызмет үшін жаңа мүмкіндіктер" форумына 15 елден 2 500-ге жуық кісі қатысты.

Форумның Президенттік резиденциядағы қорытынды сессиясына Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қатысты.

Форумға Ресей президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян және Беларусь премьер-министрі Роман Головченко бейнеконференция арқылы қатысты.

Қырғызстан Президенті Жапаров форумда сөйлеген сөзінде интеграцияның басты проблемаларының бірі "кедергілердің болуы" екенін айтып, одақты дамыту үшін толыққанды даму институттардың қажет екенін атап өтті.

Жапаров Еуразиялық экономикалық одақтың ЖҰӨ (Жалпы ұлттық өнім) 2021 жылдың соңына қарай өткен жылмен салыстырғанда 4,6% - ға өскенін мәлімдеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық одақ қазіргі геосаяси жағдайдағы ең күрделі жағдайда да өзінің тиімділігін көрсетіп отырғанын атап өтіп: "Әрбір мемлекет өзінің ұлттық мүдделерін басым деп санайды. Бұл, әсіресе сауда мәселелерімен айналысатын әрбір халықаралық мекеме үшін қалыпты жағдай." - деді.

Тоқаев Қырғызстанмен тауар айналымын $1 млрд-тан $2 млрд-қа дейін арттыруға мақсат қойылғанын мәлім етті.

Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян елінде жастардың цифрлық технологияларға ерекше назар аударатынын және одақтың барлық интеграциялық іс-шараларына белсенді қатысатынын айтты.

Еуразиялық киноакадемия құру туралы ұсыныс

Ресейлік режиссер Никита Михалков Еуразиялық кино академиясын құруды ұсынды.

Еуразиялық экономикалық комиссияның басқарма төрағасы Михаил Мясникович форумның сәтті өткенін айтты.

Форумға жергілікті және шетелдік баспасөздің 160 өкілі қатысты.

Одаққа мүше елдердің көшбасшылары 2016 жылы өткізілуге басталған "Еуразиялық аптаны" 2019 жылы "Еуразиялық экономикалық форумға" айналдыру туралы шешім қабылдады. Алғашқысы 2020 жылы болатын форум бүкіл әлемге әсер еткен Ковид-19 өршуіне байланысты кейінге қалдырылған болатын.

Жаңалықтар