Қырғызстанның інжу-маржаны - "Чатыр көл"

Елдің Солтүстігінде орналасқан Чатыр көл туристердің назарында.

20 Mayıs 2022 10:35

Қырғызстанның Нарын облысында, Тәңір Тауларындағы Чатыр көлі теңіз деңгейінен 3350 метр биіктікте орналасқан.

Қырғыз тілінде "көгілдір көл" деген мағынаны білдіретін Чатыр көлінің ұзындығы - 23 км, ені-11 км. Көл өте биікте орналасқанына байланысты ол жерге жету өте қиын.

Көл қыркүйектен маусымға дейін мұзды болады. Кейде мұздың қалыңдығы 1,5 метрге жетуі мүмкін. Көлдегі су жылына 9-10 ай бойы қатып қалатындықтан, көлде балық жоқ.

Көлде үйрек түрлері кездеседі. Көлдің шығыс бөлігінде, Көкайғыр өзенінің жағасында Неолит дәуіріне жататын (б.з. д. 6-5 жж.) әртүрлі артефактілер табылған.

Жаңалықтар