Ыстанбұлда Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы өтті

Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулдығының мәлімдемесіне сәйкес, құрылтай аясында Бағжылар ауданында қазақ пен түрікке ортақ тұлға Мұстафа Өзтүрік атындағы саябақтың салтанатты ашылуы өтті.

24 Eylül 2021 17:39

Түркияда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Жаһандану өркениетіндегі қазақ әлемі» тақырыбында Қазақтардың кіші құрылтайы өтті.

Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі мен Ыстанбұлдағы Бас консулдығының бастамасымен өткен салтанатты рәсімге Бағжылар ауданының әкімі Локман Чағырыжы, Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы Алим Байел және Қазактар Дүниежүзілік Одағының вице-президенті Зауытбек Тұрысбеков қатысты. 

Кіші құрылтай жұмысына Түркия мен Еуропадағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Кездесуде Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аталып өтті. 

Құрылтай аясында диаспора жастары үшін Қазақстанның жетекші университеттерінің ұйымдастыруымен "білім беру көрмесі" іске асырылды. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен "Тараз" халықаралық инновациялық гуманитарлық университетінің өкілдері өз оқу орындары туралы баяндама жасап, диаспора жастарын білім алуға арналған квоталар шеңберінде оқуға шақырды.

Құрылтай бағдарламасы Қазақстанның көрнекті оркестрлерінің бірі "Тәттімбет" академиялық халық аспаптар оркестрінің гала-концертімен аяқталды.

Айта кету керек, Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайы жыл сайын әртүрлі елдерде өткізіледі.

Жаңалықтар