"Анка" ұшқышсыз ұшу аппараты енді Қазақстанда шығарылады

Технологияларды беру мәселелері, сонымен бірге техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестері бойынша ынтымақтастық жүргізіледі.

1825172
"Анка" ұшқышсыз ұшу аппараты енді Қазақстанда шығарылады

Қазақстанға экспортталатын отандық ұшқышсыз ұшу аппараты  «Анка» осы елде құрылатын нысанда бірлесіп өндіріледі. 

Түркия Авиация және ғарыш өнеркәсібі  компаниясы TUSAŞ өткен жылы Қазақстанмен келісімге отырған болатын.  Енді «Anka» жобасы бойынша жаңа ынтымақтастық қадамы басылды.

TUSAŞ пен «Kazakhstan Engineering» компаниясы арасында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумы шеңберінде «Anka» енді Қазақстанда бірлесіп шығарылады. Технологияларды беру мәселелері, сонымен бірге техникалық қызмет көрсету және жөндеу процестері бойынша ынтымақтастық жүргізіледі.

Осылайша Қазақстан Түркиядан тыс жерде «Анканың» алғашқы өндірістік базасы болды. Келісім аясында осы салада адам ресурстарын дайындау және елдің ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру мүмкіндігін дамыту бағытында маңызды қадам басылды.



Ұқсас жаңалықтар