Армяндардың шабуылдарында 91 бейбіт тұрғын қаза тапты

Жеті отбасы толығымен жойылып кетті.

1518802
Армяндардың шабуылдарында 91 бейбіт тұрғын қаза тапты

Арменияның Әзербайжанға бағытталған шабуылдарында 91 бейбіт тұрғын қаза тапты.

Әзербайжан Бас прокуратурасы 27 қыркүйек-30 қазан күндері аралығында Арменияның шабуылдарында қаза тапқандар жөнінде мәлімет жариялады. Осыған орай аталмыш кезеңде Әзербайжанның 91 азаматы қаза тапты. 400 кісі жарақат алды.

Армения шабуылдарында қаза тапқандардың 11-і бала, 27-сі әйел адам. Жарақат алғандардың 14-і нәресте, 36-сы бала,  101-і әйел адам.

Армян шабуылдарында жеті отбасының барлық мүшелері қаза тапты.  Яғни жеті отбасы жойылы кетті. Төрт бала әрі анасынан,  әрі әкесінен айрылды.

Армяндардың шабуылдарында 2442 баспана, 92 көп қабатты тұрғын үй, 428 мемлекет ғимараты қолданылмайтын жағдайға келді.



Ұқсас жаңалықтар