Армения әскерлері Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі шабуыл туралы мәлімдеме жасады.

1824614
Армения әскерлері Әзербайжан бекіністеріне шабуылдады

Әзербайжан Қорғаныс министрлігі Армения армиясына қарасты әскери жасақтардың шекарадағы Әзербайжан бекіністеріне шабуылдағанын жариялады.

Министрлік мәлімдемесінде Келбежер провинциясының Юкары Айрым ауылы бағытындағы бекіністерін кеше кешкі уақытта Басаргечер қаласына қарасты Азизли ауылындағы армян позицияларынан белгілі бір уақыт аралығында атқыланғаны білдірілді.

Мәлімдемеде Әзербайжан армиясының қажетті шараларды қабылдағаны және ешқандай адам мен техника шығыны болмағаны, аймақтағы жағдайдың тұрақты және операциялық шарттардың Әзербайжан әскерлерінің толық бақылауында екені атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар