Азия елдері жазушылар форумы Қазақстанда басталды
Нұр-Сұлтанда 4-6 қыркүйек күндері аралығында Бірінші Азия елдері жазушылар форумы өтеді.
Азия елдері жазушылар форумы Қазақстанда басталды.
Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтанда 4-6 қыркүйек күндері аралығында Бірінші Азия елдері жазушылар форумы өтеді.
Жиында 44 мемлекеттен әлемге беделді халықаралық сыйлықтардың жүлдегерлері, Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары бас қосады. Шетелдік қаламгерлермен кездесуде қазақстандық жазушылар әлемдік әдеби үрдістерге қатысты біраз мәселелерді талқыламақ.
Форумда Азия аймағында орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайтумен қатар, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш етуге, әдеби үдерістің дамуына қатысты тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Ұқсас жаңалықтар
Әлиев: "Франция, Үндістан және Грекия Арменияны қаруландыруда"
Әзербайжан президенті «COP29 және Әзербайжан үшін жасыл көзқарас» атты халықаралық форумға қатысты,