Бағдат Әміреев "Шуша декларациясына" тоқталды

Бағдат Әміреев "Шуша декларациясының" Түркі әлеміндегі ұйымшылдықты  бекемдей түсетін маңызды мазмұндарды қамтығанын айтты.

1659413
Бағдат Әміреев "Шуша декларациясына" тоқталды

Түрік Кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев  тарапынан Шушада "Шуша декларациясына" қол қойылуына риза болғанын білдірді.

Бағдат Әміреев жазбаша мәлімдемесінде "Шуша декларациясының" Түркі әлеміндегі ұйымшылдықты  бекемдей түсетін маңызды мазмұндарды қамтығанын жеткізді. 

Бағдат Әміреев:

"Шуша декларациясы Түркі елдері арасындағы көлемді ынтымақтастықтың айқын бір Түркілік санасымен жоғары өреге қалай көтерілуі керектігін көрсеткен өнегелі құжат ретінде тарихқа жазылады" деп көрсетті.

Шуша декларациясының мазмұны экономикадан қатынасқа, диаспорадан мәдениетке дейінгі тақырыптарды, Түрік Кеңесі шаңырағы астындағы қазіргі ынтымақтастық салаларымен күшті байланыстарды көрсеткенін айтқан Әміреев:

"Шуша декларациясы екі ел мен халқының ғана емес, күллі Түркі әлемінің мүддесіне қызмет етеді. Декларацияда белгіленген тақырыптардың көбі Түрік Кеңесінің көп салалы платформасы аясында Түрік Кеңесіне мүше және бақылаушы елдер тарапынан қолға алынып отыр.  Осы тұрғыдан декларация Кеңес аясында жүргізілген көп  салалы ынтымақтастықтың тұрақтылығын көрсетуде" деді.

Бағдат Әміреев "Шуша декларациясының" аймақтық бейбітшілік, тұрақтылық пен байлық үшін күшті шақыру екенін және аймақ елдерін  баршаға пайдалы нақтылы жобалармен Оңтүстік Кавказда жаңа бір бейбітшілік пен тұрақтылық аймағын құруға шақыру тастағанын атап айтты.



Ұқсас жаңалықтар