Байрамов Минск тобы төрағаларымен кездесті

Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Мнацаканиянның  кездесуі де жоспарлануда.

1519091
Байрамов Минск тобы төрағаларымен кездесті

Әзербайжан Сыртқы істер министрі Джейхун Байрамовтың Таулы Қарабахта Арменияның жаулап алуымен басталған дағдарыстың шешімі үшін құрылған Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымы Минск тобының тең төрағалары Ресей, Франция және АҚШ өкілдерімен кездесуі Швейцарияның Женева қаласында басталды.

Дипломатиялық хабарларға қарағанда жиналыс Францияның БҰҰ Женева өкілдігінің ғимаратында өткізілді.

Жиналыста Минск тобы тең төрағалары орыс ИгорьПопов, француз Стефан Висконти және АҚШ өкілі Андреу Шофермен бас қосқан Байрамовтың Арменияның атысты тоқтатуға қайшылық жасағанын күн тәртіпке әкелуі күтілуде.

Жиналыстан кейін Байрамов пен Армения Сыртқы істер министрі Мнацаканянның  кездесуі де жоспарлануда.

Женевадағы жиналыс баспасөзге жабық өтуде.  



Ұқсас жаңалықтар