Бакири: "Қарабах - Әзірбайжан территориясы"

Бакири Әзірбайжан Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен бас қосты.

1127279
Бакири: "Қарабах -  Әзірбайжан территориясы"

Иранның Бас Штаб төрағасы генерал-майор Мұхаммед Бакири Қарабах территориясын Әзірбайжан территориясы деп қарайтындарын айтты.

Генерал-майор Мұхаммед Бакири кездесулер өткізу мақсатымен барған Әзірбайжанда  президент Ильхам Әлиев тарапынан қабылданды.

Әзірбайжан елбасылығынан жасалған мәлімдемеде Бакири қабылдау кезінде жасаған баяндамасында Иран әкімшілігінің екі ел арасындағы қарым-қатынастардың бекемделуі керектігін ойлайтынын білдірді. 

Әзірбайжанда Әлиевтің басшылығында қол жеткен даму мен тұрақтылықтың Иранда ризалықпен қабылданғанын  білдірген Бакири екі елдің ортақ тарих пен мәдениетке ие екенін, қарым-қатынастардың табыспен ілгерлегенін атап көрсетті.

Армения мен Әзірбайжан арасында жалғасып келе жатқан Таулы Қарабах мәселесіне де тоқталған Бакири:

"Иран Таулы Қарабах территориясын Әзірбайжан территориясы деп қарайды. Әзірбайжанның территория тұтастығын қолдайды және бұл қолдауын да жалғастырады. Шекараларды зорлықпен өзгерту қабылданбайды. Иран бұл тақырыпта үнемі Әзірбайжанның қасында болады" деп көрсетті.

Бакири кездесулері аясында Әзірбайжанның Қорғаныс министрі генерал Закир Хасановпен де бас қосты.

Кездесуде Әзірбайжан мен Иран арасындағы әскери ынтымақтастық, терроризммен күрес, аймақтық қауіпсіздік, маман топтардың өзара кездесуі сияқты тақырыптар талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар