Баку-Тбилиси-Карс теміржолының тасымалдау көлемі 3,7 есе артты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев мәлімдеме жасады.

1448219
Баку-Тбилиси-Карс теміржолының тасымалдау көлемі 3,7 есе артты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 2020 жылының алғашқы 6 айында Баку-Тбилиси-Карс темір жолымен тасымалданған тауар көлемінің 2019 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе көп екенін жариялады.

Әлиев Ауғанстан мемлекет басшысы Эшреф Гани және Түрікменстан президенті Құрбанқұлы Бердімұхамедовпен видео конференция арқылы үштік жиналыс өткізді.

Әзербайжан президенттік аппаратынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Әлиев Баку-Тбилиси-Карс теміржолының 2017 жылы іске қосылғанын, мұның тарихи бір оқиға екенін атап көрсетті.

Бұл желіге «Темір Жібек жолы» деудің кездейсоқ еместігін атап көрсеткен Ильхам Әлиев «Бұл жоба құрлықтарды бір-бірімен байланыстырады. Азия мен Еуроодақ арасында орналасқан бір ел ретінде Әзербайжан Еуразиядағы тасымалдау және логистикалық салаға маңызды үлестер қосады. 2020 жылының алғашқы 6 айлық мерзімінде Баку-Тбилиси-Карс темір жолымен тасымалданған тауар көлемі 2019 жылдың бірдей кезеңімен салыстырғанда 3,7 есе көп» деді.



Ұқсас жаңалықтар