Бакуде 20 январь қырғыны шәйіттері еске алынды

Әзірбайжанда тәуелсіздіктің символы және тарихта «Қанды январь» деп аталған 20 январь қырғыны құрбандары еске алынуда.

1129384
Бакуде 20 январь қырғыны шәйіттері еске алынды

Әзірбайжанда тәуелсіздіктің символына айналған және тарихта «Қанды январь» деп аталған 20 январь қырғынының құрбандары еске алынуда.

Әзірбайжандықтар 1990 жылы жасалған қырғында қаза тапқандары еске алу үшін Баку Шәйіттер аллеясына жиналды.

Баку мен басқа аймақтардан келушілер ескерткіштер алдында ұзын кезекке тұрды. Мазарларға қалампыр қойған азаматтар шәйіттерге дұға оқыды.

Жергілікті уақытпен сағат 12:00-де болса Әзірбайжан үшін соғысқан шәйіттердің барлығын еске алу үшін 1 минуттық үнсіз еске алу рәсімі ұйымдастырылды.

Еске алу рәсімі аяқталғанша Каспий жағалауындағы кемелер, метродағы пойыздар, автобустар және басқа да көліктердің сигналдары тоқтамады.

Шәйіттер аллеясындағы рәсімдерге президент Ильхам Алиев және мемлекеттік лауазымдылар қатысты.

Әзірбайжан ұлттық әнұраны орындалған рәсімде Алиев Мәңгі алау ескерткішіне гүл шоғы қойды.

Түркияның Бакудегі өкілетті елшісі Эркан Өзорал, өкілетті елшілік қызметкерлері, Бакудегі түрік мекемелері мен қоғам өкілдері де Шәйіттер аллеясына келіп, шәйіттердің рухына тағзым етті.

Өкілетті елші Өзорал жасаған мәлімдемеде 20 қаңтардың Әзірбайжанның тәуелсіздік тарихында маңызды бір кезең екенін атап сондай-ақ әлем тарихына дақ қалдырған бір күн екенін білдірді.

1990 жылы 20 қаңтар күні Бакуде өте үлкен бір қырғын жасалғанын атап көрсеткен Өзорал «Тәуелсіздіктің беделі пида болған жандар. Әзірбайжан үшін жанын пида қылғандарды осы батыр адамдардың барлығын құрмет және Алланын рақымшылығымен еске аламыз. Олар ашқан жолда Әзірбайжан тәуелсіздігін алды және қазіргі өркендеу деңгейіне көтерілді» деді.

1990 жылдың бастарында армяндардың артып отырған жер талаптарына және Кеңес әкімшілігіне наразылықтарын көрсеткісі келген мыңдаған әзірбайжандық Азаттық алаңына үйілді және ұзақ уақытқа созылған митингтер жасады.

Митингтерді тарқату мақсатты 20 қаңтар күні Бакудің әртүрлі аймақтарына басып кірген Кеңес армиясы араларында әйел мен балалар да бар 150-ге таяу адамды қырды, жүздеген адам жарақат алды.

Шәйіттер жүз мыңдаған адамның қатысуымен қызыл қалампырлар арасында бүгінгі Шәйіттер аллеясына жерленді.

Әзірбайжандықтар 29 жылдан бері жыл сайын 20 қаңтар күні қырылған шәйіттерді еске алынуда.



Ұқсас жаңалықтар